Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуесқой бокстағы мансабын аяқтаған әйгілі Баходир Жалолов енді немен айналысатынын айтты

Жарияланған күні:

Баходир Жалолов
Баходир Жалолов. Фото: Richard Pelham/Getty Images

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанып, әуесқой рингтегі мансабын аяқтаған өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов ендігі мақсатын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Баходир Жалолов Париж Олимпиадасының финалында испаниялық Айюб Гадфаны жеңіп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған еді. 30 жастағы боксшы жекпе-жектен соң үстіндегі жейдесін шешіп, рингтің ортасына тізерлеп отыра кетті. Осылайша, әуесқой бокстағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Кейін Жалолов Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, ендігі мақсаты туралы айтты.

"Мен 15 жылымды әуесқой боксқа арнадым. Әр нәрсенің бастауы және соңы болады. Міне, сол күн де жетті. Бұл ұзақ жолда көп сын, ескерту болды. Мен оның бәрінен дұрыс қорытынды жасадым және күш алдым. Мен ешқашан әуесқой бокста ақша үшін жұдырықтасқан емеспін. Тек өз Отанымның туын көтеріп, Олимпиада ойындарында өз Отаныма алтын медаль әкелуге тырыстым.

Бұл біздің қолымыздан келді. Осы жолда мені қолдағандардың бәріне, анама, бапкерлеріме және барлық жақындарыма алғыс айтқым келеді. Біз мұны бірге жасадық! Енді менің мақсатым – кәсіпқой бокста мықты болу. Біз сіздермен бірге осы жолды да жүріп өтеміз деп ойлаймын", - деп жазды Жалолов.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Баходир Жалоловтан бөлек төрт өзбекстандық боксшы алтын медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57 кг), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71 кг) және Лазизбек Муллажонов (92 кг) Олимпиада чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2148301-auesqoi-bokstagy-mansabyn-aiaqtagan-aigili-bahodir-zhalolov-endi-nemen-ainalysatynyn-aitty/