Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баскетболшы болғым келген": Назым Қызайбай боксты қалай таңдағанын айтты

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай. Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай боксқа қалай келгенін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бала кезімде Болат Рахимов деген бапкер мені базардан көріп қалып, боксқа кел деп шақырды. Мен ақшам жоқ екенін айттым. Ол кезде 1500 тг біз үшін көп ақша болатын. Болат ағай тегін үйрететінін айтқанда қолымдағы пакеттерімді тастай сала бардым. Бірақ ол кісімен ұзақ жаттыққан жоқпын.

Кейін Алматыда спорт мектебі ашылды. Мен сол жаққа баскетболшы боламын деп бардым. Бірақ спорт мектебінде бокс бар екенін біліп, бірден айнып қалдым. Бойым ұзын емес, оның үстіне бұл командалық спорт болғандықтан, боксты таңдауды шештім. Бұл спорттағы қадамымды Жұмабек ағаймен бастап, көптеген жетістікке жеттім", - деді Назым Қызайбай Youtube-тағы "Спорт министрі" арнасына берген сұқбатында.

Еске салайық, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, қола жүлде иеленген еді. Қазақстандық боксшы 12 тамызда елге оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2148391-basketbolshy-bolgym-kelgen-nazym-qyzaibai-boksty-qalai-tangdaganyn-aitty/