Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ боксы басшысыз қалмас": Бақыт Сәрсекбаев өзін ұлттық құраманың бас бапкері етуді ұсынғандарға алғыс айтты

Жарияланған күні:

Бақыт Сәрсекбаев
Бақыт Сәрсекбаев. Фото: instagram.com/b.sarsekbayev

Бейжіңде өткен Олимпиада чемпионы, даңқты боксшы Бақыт Сәрсекбаев өзін бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде ұсынып жатқан қазақстандықтарға алғыс айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бақыт Сәрсекбаев Instagram-дағы парақшасында бокстан бас бапкер лауазымына ұсынып жатқан қазақстандықтарға алғыс айтты.

"Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рақмет! Мен бокс туралы жазсам, біреудің орнын тартып алайын деп жатыр дейтін хейтерлеріме де рақмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта беремін.

Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер...Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең жарығын өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса жаңа басшыға қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік", - деді Сәрсекбаев.

Айта кетейік, Парижде өткен Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 10 боксшы сынға түсті. Ерлер құрамасынан барған жеті боксшының тек біреуі жүлдеге ілікті. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай күміс медаль еншіледі.

Ал әйелдер құрамасында 50 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай қола медаль алды.

Осылайша, Қазақстан екі Олимпиада қатарынан бокстан алтын жүлде еншілей алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2148508-qazaq-boksy-basshysyz-qalmas-baqyt-sarsekbaev-ozin-ulttyq-quramanyng-bas-bapkeri-etudi-usyngandarga-algys-aitty/