Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Елеусінов шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Боксшы Данияр Елеусінов
Боксшы Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қыркүйек айында өтетіні мәлім болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ All Stars Boxing компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде қазақ боксшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы – Данияр Елеусінов өнер көрсетеді", - делінген All Stars Boxing компаниясының баспасөз хабарламасында.

Турнир 28 қыркүйекте Алматы қаласындағы "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді. Алайда Елеусіновтің қарсыласы әлі белгісіз.

Сондай-ақ бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров IBO және WBA Gold нұсқасы бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғау үшін шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Герман Лилмен өткізіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақта IBO титулын иеленген болатын. Осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2149662-daniiar-eleusinov-sharshy-alangga-qashan-oralatyny-belgili-boldy/