Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баходир Жалоловты төрт рет жеңген қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Жарияланған күні:

Қазақстандық боксшы Иван Дычко
Қазақстандық боксшы Иван Дычко. Фото: instagram.com/proboxtvofficial

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко (13-0, 12 KO) АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

22 тамызда Иван Дычко ProboxTV-дің кезекті шоуы аясында Плант-Ситиде (Флорида штаты) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Крейг Льюис болады (15-7-1, 8 КО). Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

Салмақ өлшеу рәсімінің нәтижесі ProboxTV-дің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Иван Дычко 107 кг салмақ көрсетті, ал Крейг Льюис қазақстандық боксшыдан 12 кг-ға ауыр болып шықты (119,6 кг).

Айта кетейік, Дычко әуесқой рингте өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловпен төрт рет кездесіп, төртеуінде де жеңіске жеткен еді.

Қазақстандық боксшының осыған дейінгі жекпе-жегі 2023 жылдың маусымында өтті. Ол Буэнос-Айресте (Аргентина) жергілікті боксшы Ариэль Эстебан Бракамонтені (13-11-7 КО) нокаутқа түсіп, ауыр салмақтағы WBA Fedecaribe атағын жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2151372-bahodir-zhalolovty-tort-ret-zhenggen-qazaqstandyq-boksshy-aqsh-tagy-zhekpe-zhegi-aldynda-salmaq-olshedi/