Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3 қыз өсіріп отырған әкемін": Жанқош Тұраров өзіне қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Қыз зорлады деп күдікке ілінген танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жанқош Тұраров қылмыстық іс туралы Instagram-дағы парақшасында жауап берді.

"3 қыз өсіріп отырған әкемін! Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!", - деді ол.

Сонымен қатар Тұраров жалған ақпарат үшін сотқа бермек ниетте екенін айтты.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген ПД ақпаратында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2151460-3-qyz-osirip-otyrgan-akemin-zhanqosh-turarov-ozine-qatysty-qylmystyq-is-turaly-pikir-bildirdi/