Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майк Тайсон шаршы алаңға оралады: жекпе-жек уақыты мен өтетін орны белгілі болды

Жарияланған күні:

Майк Тайсон мен Джейк Пол
Майк Тайсон мен Джейк Пол. Фото: Sarah Stier/Getty Images for Netflix

58 жастағы боксшы Майк Тайсон күзде танымал блогер Джейк Полмен жекпе-жекке шығады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

MVP промоутерлік компаниясының мәліметінше, жекпе-жек 15 қарашада Техаста 80 мың адамға арналған "AT&T Stadium" стадионында өтеді.

19 тамызда Нью-Йоркте Тайсон мен Пол көз түйістірген болатын. Көз түйістіру барысында екеуі бірін-бірі итеріп жіберді.

Айта кетейік, Майк Тайсон мен Джейк Пол арасындағы кездесу 21 шілдеге жоспарланған еді. Алайда Майк Тайсон ұшақта өзін нашар сезініп, жекпе-жек кейінге шегерілді.

Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы аяқтады және содан бері тек екі мәрте коммерциялық жекпе-жекте өнер көрсетті. Соңғы мәрте ол 2020 жылы аты аңызға айналған боксшы Рой Джонспен кездесу өткізіп, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2151513-maik-taison-sharshy-alangga-oralady-zhekpe-zhek-uaqyty-men-otetin-orny-belgili-boldy/