Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иван Дычко америкалық боксшыны мерзімінен бұрын нокаутпен жеңді (видео)

Жарияланған күні:

Крейг Льюис пен Иван Дычко
Крейг Льюис пен Иван Дычко. Фото: instagram.com/proboxtvofficial

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко АҚШ-тағы жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Иван Дычко ProboxTV-дің кезекті шоуы аясында Плант-Ситиде (Флорида штаты) өткен бокс кешінде америкалық Крейг Льюиспен жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда қазақстандық боксшы екінші раундта мерзімінен бұрын техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Дычко кәсіпқой бокстағы 14-жеңісіне қол жеткізді. Оның 13-ін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Ал Крейг Льюис сегізінші рет жеңілді. Сонымен қатар оның рекордында 15 жеңіс (сегізі нокаутпен) және бір тең өткен жекпе-жек бар.

Иван Дычконың осыған дейінгі жекпе-жегі 2023 жылдың маусымында өтті. Ол Буэнос-Айресте (Аргентина) жергілікті боксшы Ариэль Эстебан Бракамонтені нокаутқа түсіп, ауыр салмақтағы WBA Fedecaribe атағын жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2151847-qazaqstandyq-boksshy-amerikalyq-qarsylasyn-merziminen-buryn-nokautpen-zhengdi-video/