Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иван Дычко мен Баходир Жалолов кәсіпқой рингте қашан кездеседі: қазақстандық боксшының менеджері жауап берді

Жарияланған күні:

Баходир Жалолов
Баходир Жалолов. Фото: instagram.com / bakhodirdjalolov

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычконың (14-0, 13 KO) менеджері Зия Алиев екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловқа (14-0, 14 KO) қарсы жекпе-жек қашан өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 22 тамызда Иван Дычко ProboxTV-дің кезекті шоуы аясында Плант-Ситиде (Флорида штаты) өткен бокс кешінде америкалық Крейг Льюиспен кездесті. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жектің екінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген еді.

Иван Дычконың менеджері Зия Алиев өзбекстандық Баходир Жалоловқа қарсы жекпе-жектің мерзімін айтты.

"Менің ойымша, Жалоловқа қарсы кездесу келесі жылы өтуі мүмкін", - деп мәлімдеді Зия Алиев.

Айта кетейік, екі боксшы әуесқой бокста төрт рет жұдырықтасап, төртеуінде де Иван Дычко басым түскен еді. Иван Дычко өзбекстандық Баходир Жалоловпен кәсіби рингте кездесуге қарсы емес екенін және оны нокаутқа жіберетінін мәлімдеген болатын.

Өзбекстандық боксшы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған еді. Осы жеңісінен кейін ол әуесқой бокспен қош айтысып, толыққанды кәсіби боксқа ауысатынын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2151966-ivan-dychko-men-bahodir-zhalolov-kasipqoi-ringte-qashan-kezdesedi-qazaqstandyq-boksshynyng-menedzheri-zhauap-berdi/