Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Қазақстан командасын басқаруға қалай қарайтынын айтты

Жарияланған күні:

Толқын Қылышев (ортада)
Толқын Қылышев (ортада). Фото: instagram.com/tulkin_kilichev

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Қазақстан командасын басқару туралы ұсыныс түссе не деп жауап беретінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен бас тартар едім. Өз елімнен басқа еш жерде жұмыс істемеймін. Бұл менің өмірлік принципім. Мен қазір Өзбекстан құрамасының бас бапкерімін. Қашанға дейін осы қызметті атқаратынымды Алла ғана біледі. Қалай болғанда да, мен осында қаламын. Қазақстанда әрдайым жақсы мамандар болған және бар", - деді Қылышев.

Айта кетейік, бокстан Өзбекстан құрамасы Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль жеңіп алған еді. Атап айтқанда, Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57 кг), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71 кг), Лазизбек Муллажонов (92 кг) және Баходир Джалолов (92+ кг) Олимпиада чемпионы атанды.

Ал Қазақстан құрамасынан ерлер арасында тек Нұрбек Оралбай (80 кг) финалға дейін жетіп, күміс жүлде еншіледі. Әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг) қола медальға ие болды.

Толқын Қылышев өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов пен қазақстандық Иван Дычко арасында өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікірін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2152213-bokstan-ozbekstan-quramasynyng-bas-bapkeri-qazaqstan-komandasyn-basqaruga-qalai-qaraitynyn-aitty/