Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәслихат депутаты Маңғыстау облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды

Жарияланған күні:

Асқарбек Керелбаев
Асқарбек Керелбаев. Фото: instagram.com/mangystau_boxing_federations

Асқарбек Керелбаев Маңғыстау облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Асқарбек Керелбаев 1966 жылы 14 маусымда Маңғыстау облысы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Ол – Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, "Альянс LTD" ЖШС директоры.

"Асқарбек Сайынұлы жиырма жылға жуық федерация жұмысының жүруіне, өңірімізде бокс спортының қарқынды дамуы үшін үзбей демеушілік көрсетіп келе жатқан абзал азамат. Сол еңбегі үшін облыстық бокс ұжымы президент болуға лайық деп таныды.

Сонымен қатар 2012 жылдан бері президент қызметін атқарып келген Орманов Марат Көшкенбайұлына алғыс айтамыз. Он екі жыл ішінде өңірімізде бокстың жаңа белестерді бағындыруы, еліміздегі үздік федерация атануы осы Марат Көшкенбайұлының тұсында болғанын ұмытпаймыз", - делінген Маңғыстау облыстық бокс федерациясының хабарламасында.

Еске салайық, 16 тамызда Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2158092-maslihat-deputaty-manggystau-oblystyq-boks-federatsiiasynyng-prezidenti-bolyp-sailandy/