Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қателестіңдер": Жәнібек Әлімханұлы өзі туралы таралған ақпаратқа жауап берді

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жәнібектің X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, осыған дейін Әлімханұлының Михайловичпен (21-0, 13 КО) кездесуі 19 қазанда Тим Цзю – Бахрам Муртазалиев шоуы аясында АҚШ-тың Орландо қаласындағы Caribe Royale Resort аренасында өтеді деген ақпарат тараған болатын. Қазақстандық боксшы Михайловичпен жекпе-жегі шоудан бұрын өтетінін мәлімдеді.

"Менің жекпе-жегім Цзюдың андеркартында болмайды. Менің жекпе-жегім сол жекпе-жектің алдында болады! Олар мен дайын болмайды деп ойлайды. Олар мен көп ақша сұрайды деп ойлайды! Жоқ, жігіттер! Сендер қателестіңдер! Мен сендердің жоспарларыңды бұзамын! Менің өз жоспарым және мақсатым бар! Мен оны нокаутқа жіберемін", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Михайлович арасындағы жекпе-жекте орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионының екі белбеуі сарапқа салынады.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді. Алайда қазақстандық боксшы салмақ өлшеу кезінде есінен танып, ауруханаға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2161737-qatelestingder-zhanibek-alimhanuly-ozi-turaly-taralgan-aqparatqa-zhauap-berdi/