Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылар жаңа бапкердің жетекшілігімен жаттығуды бастап кетті (фото)

Жарияланған күні:

Бокстан Қазақстан құрамасы
Бокстан Қазақстан құрамасы. Фото: instagram/boxingkazakhstan

Қазақстан ұлттық құрамасы Париждегі Олимпиададан кейін алғаш рет оқу-жаттығу жиынында бас қосты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бокстан Қазақстан құрамасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысындағы жиын кеңейтілген құрамда өткізіледі, яғни барлық салмақ дәрежелерінде әр аймақтан көп боксшы келді.

"16 қыркүйек - бірінші күн, спортшылар базаға орналасып, тауға қарай серуенге де шығып үлгерді. Оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң, Қазақстан құрамасы 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкентте өтетін Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысады. Осы жарыста Азия чемпионатына боксшылар іріктеледі", - деп хабарланды бокстан Қазақстан құрамасының Instagram-дағы ресми парақшасында.

Айта кетейік, бұл Қайрат Сәтжановтың ұлттық құраманың бас бапкері қызметіндегі командамен алғашқы дайындығы.

Еске салайық, 16 тамызда Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалған еді. Қайрат Тұрсұнқанұлы Сәтжанов 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі.

Бапкерлік еңбек өтілі – 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болды. Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2162172-qazaqstandyq-boksshylar-zhanga-bapkerding-zhetekshiligimen-zhattygudy-bastap-ketti-foto/