Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шлемсіз жұдырықтасады": Қазақстанда әйелдер боксындағы жаңа ережеге сай турнир өтпек

Жарияланған күні:

Алуа Балқыбекова шаршы алаңда
Алуа Балқыбекова шаршы алаңда. Фото: gov.kz

22-28 қыркүйек аралығында Қарағандыда әйелдер боксынан "Мықтылар турнирі" өтеді. Жаңа ережеге сәйкес, бұл жарыста боксшылар шлемсіз жұдырықтасады, деп KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыда өтетін "Мықтылар турнирі" алдағы Азия чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі.

"Бұл бәсекеде қыздарымыз шлемсіз жұдырықтасады. Жаңа ереже сондай болғандықтан, бейімделу керек. Жарысқа Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай қатыспайды. Қазіргі таңда бәрі өз аймақтарында дайындалуда. Кімнің қандай салмаққа ауысқаны да содан соң белгілі болады. Бір анығы Алуа Балқыбекова ресми түрде 50 кг салмаққа өтті.

Қарағандыдағы жарыстан соң, Азия біріншілігі өтеді. Содан кейін көп ұзамай Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады. Сол бәсекелер алдағы құрамға қатысты көптеген сұрақтың жауабын бермек", - деді әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері Елдос Сайдалин.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, "Мықтылар турнирінде" 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі (48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг) бойынша күш сынасады.

Еске салайық, Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) әйелдер арасындағы бокста қорғаныс шлемдерін қолданудан бас тартқан еді. Бұл шешім ұйым басшыларының Сочиде өткен жиынында қабылданды. Осы жылдың маусым айынан бастап шешім ресми түрде күшіне енетіні де хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2162248-shlemsiz-zhudyryqtasady-qazaqstanda-aielder-boksyndagy-zhanga-erezhege-sai-turnir-otpek/