Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы жеңіліп көрмеген ресейлік спортшымен WBA белбеуін сарапқа салады

Жарияланған күні:

Руслан Мадиев
Руслан Мадиев. Фото: instagram.com/madiyevr

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев 21 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде WBA Asia белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бастапқыда Руслан Мадиевтің қарсыласы тайландтық Киттисак Клинсон болуы керек еді. Бірақ Irfin Promotions промоутерлік компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Клинсон жарақат алып, оның орнына Мадиевпен рингке ресейлік боксшы Тигран Согоян шығады. Бұл жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы WBA Азия чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Айта кетейік, Руслан Мадиев соңғы рет 2023 жылы 18 наурызда Мексикада шаршы алаңға шыққан еді. Ол жергілікті боксшы Хуан Хименесті (31-24-3, 21 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді. Осыдан соң қазақстандық боксшы мансабын аяқтағанын жариялады. Бірақ кейін рингке оралуға шешім қабылдады. Русланның кәсіпқой рингтегі рекорды – 15-2, 6 қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Тигран Согоян 2023 жылы соңғы жекпе-жегінде отандасы Арслан Магомедовті төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Оның еншісінде 7 жеңіс, 0 жеңіліс, 1 тең жекпе-жек бар, 4 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2162809-qazaqstandyq-boksshy-zhengilip-kormegen-reseilik-sportshymen-wba-belbeuin-sarapqa-salady/