Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Чемпиондарымыз сияқты көк туды желбіреткім келеді": Әлімханұлы Сиднейде өтетін жекпе-жегі туралы айтты

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жәнібек Әлімханұлы 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жұдырықтасады.

"Сидней Олимпиадасында екі қазақ боксшысы алтын медаль жеңіп алды. Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов көп қазаққа рух берді. Мен солар сияқты елімнің атын шығаруды армандап өстім. Сиднейде жұдырықтасатыныма өте қуаныштымын. 2000 жылы біздің Олимпиада чемпиондарымыз бүкіл әлемге туымызды көрсетті. Мен де соны қайталағым келеді.

Андрейге қарсы өтетін жекпе-жек мен үшін өте маңызды. Өйткені ол менің титулыма ресми үміткер болып отыр. Андрейді бұлтқа теңеймін. Күнді көру үшін осы бұлтты тезірек сейілтуім керек. Ол мен үшін оңай қарсылас екенін бәрі біледі. Мен оны тез нокаутқа жіберемін", - делінген Әлімханұлының баспасөз релизіндегі сөзінде.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жұдырықтасуы керек еді. Алайда қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан, кездесу өтпеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2163262-sattarhanov-pen-ibraimov-siiaqty-tuymyzdy-zhelbiretkim-keledi-alimhanuly-sidneide-otetin-zhekpe-zhegi-turaly-aitty/