Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ештеңеден тайынбаймын": Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлы туралы тосын пікір білдірді

Жарияланған күні:

Андрей Михайлович
Андрей Михайлович. Фото: instagram.com / andrei_mikhailovich

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жаңазеландиялық Андрей Михайлович қазақстандық боксшыға қарсы кездесуі туралы тосын пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мен қазіргінің адамымын, бірақ өткенді ұмытқан жоқпын. Мен оны чемпион ретінде құрметтеймін, бірақ ол мені құрметтемейтінін білемін. Сондықтан мен оның барын тартып алатын сәтті күтемін. Мен әлем чемпиондары Джозеф Паркер мен Маселино Масоенің есімдерімен қатар өз атымды тарихқа жазамын. Бұл менің тағдырым, бұл – менің барым. Әлем менің атымды есте сақтауы үшін ештеңеден тайынбаймын. Менің атым – Андрей Михайлович", - деп жаңазеландиялық боксшының сөзін баспасөз пресс-релизі келтіреді.

Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) Ресейдің Санкт-Петербург қаласында туған, бірақ ол өскелең шағын Жаңа Зеландияда өткізген. Ол бокспен 15 жасынан бастап шұғылданған. Ал кәсіби мансабын 2018 жылдың сәуірінде бастаған.

2022 жылдың маусымында Эрнесто Эспананы үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, алғашқы аймақтық титулын иеленді, ал келесі айда Фрэнсис Уайтайды ұпай санымен жеңді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасында жекпе-жек 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2163274-eshtengeden-taiynbaimyn-andrei-mihailovich-zhanibek-alimhanuly-turaly-tosyn-pikir-bildirdi/