Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанға келсем, бірінші оған телефон соғамын": өзбек бапкері Мырзағали Айтжанов туралы айтты

Жарияланған күні:

Толқын Қылышев пен Мырзағали Айтжанов дастархан басында
Толқын Қылышев пен Мырзағали Айтжанов. Фото: instagram.com/tulkin_kilichev

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев қазақстандық жаттықтырушы Мырзағали Айтжановпен қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мырзағали аға менмендігі жоқ, өте жақсы адам. "Көке" деп барған адамның сәлемін түзу алады.

Біз Ақтау, Алматы, Астанада өтетін жарыстарға көп барамыз. Жас кезімізде эмоцияға беріліп, кей жекпе-жектер туралы: "Төреші бермеді, төрелік әділ емес", - деп жан ұшыра айтып қаламыз. Сол кезде Мырзағали аға: "Інім, сен әлі жассың. Дәл осылай жүйкеңді жұқарта берсең, сен ұзаққа бармайсың. Бермесе, бермеді, өзгерте алмайсың. Бүгін болмаса, ертең ұтасың", - дейді.

Мен немесе балаларым Қазақстанға бір қадам басып өтсек, бірінші Мырзағали ағаға телефон соғамыз", - деді Толқын Қылышев YouTube желісіндегі "Спорт Министрі" арнасына берген сұқбатында.

Сондай-ақ Толқын шәкірттерінің Олимпиададағы жетістіктері туралы пікір білдірген еді.

Айта кетейік, бокстан Өзбекстан құрамасы Париж Олимпиадасында бес алтын медаль жеңіп алды. Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57кг ), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71 кг), Лазизбек Муллажонов (92 кг) және Баходир Джалолов (92+ кг) чемпион болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2163780-qazaqstanga-kelsem-birinshi-ogan-telefon-sogamyn-ozbek-bapkeri-myrzagali-aitzhanov-turaly-aitty/