Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы турнирге қатыса ма

Жарияланған күні:

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай. Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасынан соң біраз үзіліс алған қазақ боксшылары 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкентте өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде бақ сынайды. Бірақ ұлттық құраманың кейбір мүшелері бұл турнирге қатыспайды, деп KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі Рауан Игеневтің айтуынша, Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнирден сырт қалады. 

Бұл үш боксшы да Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған еді. Олардың қатарынан тек Нұрбек Оралбай күміс медальмен оралды. 

Рауан Игеновтің сөзінше, Шымкенттегі жарыста Амманда (Иордания) өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшылар іріктеледі. Сондай-ақ бұл бәсекеге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларынан спортшылар келеді деп жоспарланған. Түркия және Мысыр құрамаларымен де келіссөздер жүріп жатыр.

"71 кг салмақтағы кәсіби бокстағы өкіліміз Абылайхан Жүсіпов құрамаға қайта оралды. Спортшымыз  бұл турнирге қарқынды дайындалуда. Жақында команда капитаны болып сайланған Айбек Оралбай аса ауыр салмаққа  ауысты. Айбекті осы салмаққа бейімдей берсек деген ойымыз бар. 

Махмұд Сабырхан 54, Сәкен Бибосынов 51 кг салмақта жұдырықтасады. Әлем чемпионатынан кейін көп жарыстан сырт қалған Санжар Тәшкенбай да сапта. Қазақстан командасының  төртінші құрамына дейін бұл жарыста бақ  сынайды. Алғашқы екі орын иеленгендер әрі қарай жаттығу жиындарына қатысып, содан соң Азия біріншілігіне баратын құрамды жасақтаймыз. Бізге Азия чемпионатына қатысқан соң, тек жеңіске жету керек", - деді Игенев. 

Еске салайық, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов командаға оралғысы келетін кәсіпқой боксшыларға талап қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2163885-nurbek-oralbai-parizh-olimpiadasynan-keiingi-algashqy-turnirge-qatysa-ma/