Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Василий Жиров ұлттық құраманың бапкерлік құрамына кіре ме: боксшының өзі жауап берді

Жарияланған күні:

Василий Жиров
Василий Жиров. Фото: youtube.com/@GOLOSNARODAKZ

Белгілік қазақстандық боксшы, Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылық құрамына кіруге дайын екенін, бұл бағытта бірқатар жұмыс атқарылуға тиіс екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Василий Жиров YouTube желісіндегі "Голос народа" арнасына берген сұқбатында бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылық құрамына енуге байланысты ұсыныстар болғанын және бұл мәселе өзін ерекше қызықтыратынын айтты.

"Иә, біз бұл туралы сөйлестік, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Әзірге тек қарапайым әңгіме деңгейінде қалып қойды. Бірақ бұл мәселе әлі де қозғалады деп үміттенемін", - деді Василий Жиров.

Егер ол ұлттық құраманың жаттықтырушылық құрамына кірсе, бірқатар бағытта жұмыс жүргізетінін де жеткізді.

"Барлық мәселенің бәрі осында (басын нұқып көрсетеді). Яғни ең алдымен психологиялық түсінік маңызды. Көптеген боксшы физикалық тұрғыдан жақсы дайындалған, бірақ олардың көбі не үшін бұл спортпен айналысып жүргені туралы мақсаты анық емес. Олар ең мықты болу дегеннің мағынасын толық түсінбейді. Олар өздерінің кім екенін және қалай сол мақсатқа жетуге болатынын түсінбейді. Мен өз тәжірибемнен мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп бере аламын. Барлығы мүмкін екенін білемін. Жақсы спорттық дайындыққа ие кез келген адамды керемет боксшыға айналдыруға болады", - деп пікір білдірді Василий Жиров.

Василий Жиров қазір Қазақстанда жүр. Бірақ оған Ұлттық Олимпиадалық комитеті немесе министрлік байланысқа шықпады. Дегенмен ол келіссөзге әрқашан дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Василий Жиров 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада топ жарып, алтын медаль жеңіп алған. Ол әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (1993, 1995), Азия чемпионы (1995) атанған. Василий Жиров әуесқой бокста 217 жекпе-жек өткізіп, 207 рет жеңіске жетсе, 10 рет жеңіліске ұшыраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2164575-vasilii-zhirov-ulttyq-quramanyng-bapkerlik-quramyna-kire-me-boksshynyng-ozi-zhauap-berdi/