Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды

Жарияланған күні:

Боксшы Жанқош Тұраров
Боксшы Жанқош Тұраров. Фото: instagram/zhankoshturarov

Қазақтстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Карреа Пинтоның 28 қыркүйекте өтетін жекпе-жегі кейінге қалдырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спортшының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

63,5 кг салмақта жұдырықтасатын боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Карреа Пинтоның жекпе-жегі 28 қыркүйекке жоспарланған. Бұл кездесуге қатысты қазақстандық боксшы мәлімдеме жасады.

"Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы күндері хабарлаймын", - деп жазды Жанқош Тұраров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2165056-kasipqoi-boksshy-zhanqosh-turarov-zhosparlangan-zhekpe-zhegi-otpeitinin-aitty/