Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңазеландиялық отбасы асырап алған": Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Андрей жайлы не білеміз

Жарияланған күні:

Андрей Михайлович
Андрей Михайлович. Фото: Kai Schwoerer/Getty Images

Жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) пен Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 4 қазанда Сидней қаласында жұдырықтасады. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі Жәнібектің қарсыластары жайлы деректер ұсынады.

25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазір Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр.

Михайлович егіздің сыңары, Ресейде туған. Оны бала кезінде жаңазеландиялық отбасы асырап алған. 15 жасында бокс бапкері Айзек Пичпен кездесіп, өмірін түбегейлі өзгертті.

Отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы екі әлем чемпионы титулын қорғау үшін Андрей Михайловичқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Бокс кеші 4 қазан күні Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтеді. Аталған кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Эфир уақыты қосымша хабарланады.

Айта кетейік, Андрей Михайловичтің промоутері Джордж Роуз Аустралияда Жәнібек Әлімханұлын үлкен қиындықтар күтіп тұрғанын мәлімдеген еді. Себебі қос боксшы 4 қазанда Сидней қаласында жұдырықтасады. Алайда Жәнібек Әлімханұлы Аустралияға жекпе-жекке 2 күн қалғанда ұшып келуді көздеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2168209-zhangazelandiialyq-otbasy-asyrap-algan-zhanibek-alimhanulynyng-qarsylasy-andrei-zhaily-ne-bilemiz/