Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айбек Оралбай халықаралық турнирде қарсыласын нокаутқа түсірді

Жарияланған күні:

Айбек Оралбай
Айбек Оралбай. Фото: kazsports.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Кеңес одағының батыры Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирде алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

1/8 финалдық кездесуде +92 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айбек Оралбай украиналық боксшы Кирилл Стоянцевпен кездесті. Жекпе-жектің бірінші раундында Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Айбек Оралбай ширек финалда түркиялық Айдемир Угурмен шеберлік байқасады. Кездесу бүгін, 2 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, Айбек Оралбай Париждегі жазғы Олимпиада ойындарынан соң салмақ ауыстырды. Бұған дейін ол 92 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен еді.

Айбек Оралбай 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ 2021 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы дәрежесіне дейін жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2168557-aibek-oralbai-halyqaralyq-turnirde-qarsylasyn-nokautqa-tusirdi/