Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сені өлтіремін": Жәнібек Әлімханұлына жаңазеландиялық қарсыласы ауыр сөздер айтты (видео)

Жарияланған күні:

Андрей Михайлович
Андрей Михайлович. Фото: twitter.com/trboxing

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынга әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичтің айтқан ауыр сөздеріне жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Foxsports.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жекпе-жекке екі күн қалғанда қарсыластар Сиднейде (Аустралия) өткен баспасөз конференциясында кездесті. Андрей Михайлович қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қарата ауыр сөздер айтты.

"Бүгін Сиднейде болғаныма қуаныштымын. Өте керемет сезімдемін. Біз Вегаста бұл ақымақтың қалай масқара болғанын жақсы білеміз. Бұл өте кәсіби емес еді. Аустралия – менің екінші үйім, осында өзімді тамаша сезінемін. Сол кезде, Вегаста ол көп адамды жерге қаратты. Ол кеште мен жеңіске жетуге тиіс едім. Бірақ бұл өткеннің еншісінде қалды. Енді алға жылжитын кез келді. Мен оған не айта аламын? Сені өлтіремін, міне солай", - деді Андрей Михайлович.

Ал жаңазеландиялық боксшының бұл тосын мәлімдемесіне Жәнібек Әлімханұлы салқындалық танытып жауап берді.

"Екі күннен кейін саған өте қиын болады. Мен саған чемпионмен қалай төбелесуді көрсетемін. Өткенді ұмыту керек, бірақ жұма күні ол рингте бесінші бұрышты іздейтін болады. Рингте бұл нәрсенің не екенін оған көрсетемін", - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2168817-seni-oltiremin-zhanibek-alimhanulyna-zhangazelandiialyq-qarsylasy-auyr-sozder-aitty-video/