Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кім айтты": Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегі қарсаңында өзін сынағандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзіне сын айтып жүрген жандарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы кездесу биыл шілдеде АҚШ-та өтуі керек еді. Бірақ та Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып қалып, ауруханға түскен. Оның бұл әрекетін Михайлович командасы ұзақ уақыт айыптады.

Ал бүгін, 3 қыркүйекте Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

"Мен салмағымды жүйелей алмаймын деп кім айттып? Мен 168 фунтқа өтуім керек деп кім айтты? Мен ештеңе істей алмаймын деп кім айтты? Жігіттер, ертең мен орта салмақта жұдырықтасамын. Менде екі чемпиондық белбеу бар! Әлхамдулиллах!, - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы өзінің қос белбеуін қорғамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169318-kim-aitty-zhanibek-alimhanuly-zhekpe-zhegi-qarsangynda-ozin-synagandarga-zhauap-berdi/