Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос әлем чемпионы финалда: Санжар Тәшкенбай өзінен 15 жас үлкен қазақстандық боксшымен жұдырықтасады

Жарияланған күні:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: olympic.kz

Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирдің алғашқы финалистері анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық кезеңде екі бірдей әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен Санжар Тәшкенбай кездеседі.

Теміртас Жүсіпов 2021 жылы өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алса, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған.

Бүгін, 3 қыркүйекте өткен жартылай финалдық жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов қазақстандық былғары қолғап шебері Асхат Жүсіповтен айласын асырған болатын. Ал Санжар Тәшкенбай боксшы Ернар Қараптан басым түсті.

36 жастағы Теміртас Жүсіпов қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбайдан 15 жасқа үлкен.

Еске салайық, Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнир Шымкентте өтіп жатыр. 29 қыркүйекте басталған жарыс 5 қазанға дейін жалғасын табады. Халықаралық турнирге Қазақстан құрамасынан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина спортшылары да бақ сынап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169366-qos-alem-chempiony-finalda-sanzhar-tashkenbai-ozinen-15-zhas-ulken-qazaqstandyq-boksshymen-zhudyryqtasady/