Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы қос белбеуін сарапқа салады: жекпе-жекті қайдан көруге болады

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Top Rank

Бүгін, 4 қазанда кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы өзінің қос белбеуін қорғамақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович болмақ. Жекпе-жек бүгін, 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында өтеді. Бұл жекпе-жекті Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бұл кездесуде екі атағын қорғайды.

Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазір Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр.

Айта кетейік, қос боксшы биыл шілдеде АҚШ-та кездесуі керек болатын. Алайда Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып қалып, ауруханаға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169798-zhanibek-alimhanuly-qos-belbeuin-sarapqa-salady-zhekpe-zhekti-qaidan-koruge-bolady/