Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалында кім жұдырықтасады

Жарияланған күні:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бүгін, 4 қазанда Шымкентте Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 4 қазанда осы боксшылар финалдық жекпе-жекте бақ сынайды:

  • 48 кг: Санжар Тәшкенбай – Теміртас Жүсіпов (Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты жекпе-жекке қатыспайды);
  • 51 кг: Дамир Абдыкадыр – Даниял Сәбит;
  • 54 кг: Сәкен Бибосынов – Нұрсұлтан Алтынбек (Сәкен Бибосынов жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпайды);
  • 57 кг: Оразбек Асылқұлов – Махмұд Сабырхан;
  • 60 кг: Серік Теміржанов – Бейбарыс Жексен;
  • 63,5 кг: Ертуған Зейнуллин – Жандос Қыдырәлі;
  • 67 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Илья Калинин;
  • 71 кг: Сабыржан Аққалықов – Абылайхан Жүсіпов;
  • 75 кг: Диас Молжігітов – Нұрқанат Райыс;
  • 80 кг: Ерасыл Жақпеков – Никита Засенок (Украина);
  • 86 кг: Бекзат Нұрдәулетов – Темірлан Мұқатаев;
  • 92 кг: Сағындық Тоғамбай – Абзал Құттыбеков;
  • +92 кг: Айбек Оралбай – Нұрлан Сапарбай.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер Астана уақыты бойынша 12:00-де басталды. Турнирдің қорытындысы бойынша жаттықтырушылар штабы алдағы ірі жарыстарға құрамды жасақтайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169841-shymkentte-otip-zhatqan-halyqaralyq-turnirding-finalynda-kim-zhudyryqtasady/