Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокдаунға түсіріп, мансабындағы 16-жеңісіне жетті (видео)

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Бүгін, 4 қазанда кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович болды. Жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтті. 12 раундқа жоспарланған кездесу 9 раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Жәнібек Әлімханұлы сол қолымен жойқын соққы бағыттап қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингтегі 22 жекпе-жегін өткізді. Алғашқы рет жеңіліп тұр. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-1, 13 KO. Қазір Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр.

Айта кетейік, қос боксшы биыл шілдеде АҚШ-та кездесуі керек болатын. Алайда Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып қалып, ауруханаға түскен.

Еске салайық, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің алдында күтпеген оқиға болды.

Жәнібек Әлімханұлы рингке шыққаннан кейін ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосқан. Жәнібек Әлімханұлының командасы қателікті көрсетіп, әрекет жасағанымен, нәтиже болмады – қазіргі гимн орындалмады. Бұл қателік аренаға жиналған қазақстандық жанкүйерлердің наразылығын тудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169922-zhanibek-alimhanuly-qarsylasyn-nokautqa-tusirip-mansabyndagy-16-zhengisine-zhetti/