Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхамедсабыр Базарбайұлы жаңа салмақ дәрежесіне ауысып, чемпион атанды

Жарияланған күні:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: Instagram/emilomorov

Бокстан Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қараоқозы Әбдіалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде 67 келіде топ жарған Мұхамедсабыр Базарбайұлы жетістігі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет шаршы алаңға шыққан ұлттық құрама мүшесі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 67 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, чемпион атанды

"Бүгін 67 келіде чемпион болдым. Бұл салмақта алғаш рет жарысқа қатысқан жайым бар. Бапкерлердің еңбегінің арқасында барлық қарсыласымнан түстім. Осымен тоқтамай, ары қарай биіктен көріну үшін барымды саламын. Бапкерлер айтқан тактикамен Жамбыл облысының боксшысын ұттым", - деді боксшы.

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасында 63,5 келіде бақ сынап, ширек финалға дейін жетті. Ол шешуші сында грузиялық боксшыға есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169937-muhamedsabyr-bazarbaiuly-zhanga-salmaq-darezhesine-auysyp-chempion-atandy/