Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдында ескі әнұран қосылды (видео)

Жарияланған күні:

Берік Сұлтан мен Жәнібек Әлімханұлы
Берік Сұлтан мен Жәнібек Әлімханұлы. Скриншот: instagram.com / kzsports

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдында күтпеген оқиға болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің алдында күтпеген оқиға болды.

Жәнібек Әлімханұлы рингке шыққаннан кейін ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосқан. Жәнібек Әлімханұлының командасы қателікті көрсетіп, әрекет жасағанымен, нәтиже болмады – қазіргі гимн орындалмады. Бұл қателік аренаға жиналған қазақстандық жанкүйерлердің наразылығын тудырды.

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек басталды. Бұл кездесу Аустралияның Сидней қаласында өтіп жатыр. Аталмыш жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы қос чемпиондық титулын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169964-zhanibek-alimhanulynyng-zhekpe-zhegi-aldynda-eski-anuran-qosyldy/