Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлімханұлының жекпе-жегінде ескі әнұран қойылған: министрлік наразылық нотасын жолдайды

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Yong Teck Lim/Getty Images)

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің ұйымдастырушыларына ресми наразылық нотасын жолдайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 4 қазан күні, Сидней қаласында қазақстандық кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович арасында бокс жекпе-жегі өткен. Отандасымыз қарсыласын 9-раундта нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Алайда жекпе-жек алдында ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып қойған.

"Жекпе-жек басталмас бұрын ұйымдастырушылар қателік жіберіп, Қазақстанның 2006 жылы қолданыстан шығарылған ескі мемлекеттік әнұранын қосқан. Қазақстандық көрермендер мен жанкүйерлер бұл қателікті бірден байқап, наразылық білдірді. Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен оның менеджері Берік Сұлтан да қателікке назар аударып, ұйымдастырушыларға ескерту жасады. Алайда әнұранды ауыстыру өтініші ескерусіз қалды.

Ұйымдастырушы жаңазеландиялық No Limit Boxing промоутерлік компаниясы, Андрей Михайловичтің мүддесін қорғайды", - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство бұл оқиғаға байланысты ұйымдастырушыларға ресми наразылық нотасын жолдады.

"Министрлік бұған дейін бірнеше рет ұйымдастырушыларды Қазақстанның ескі әнұранын пайдаланудың орынсыздығы туралы хабардар еткен болатын, бірақ ескертулер еленбеді," - деді министрлік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2170096-alimhanulynyng-zhekpe-zheginde-eski-anuran-qoiylgan-ministrlik-narazylyq-notasyn-zholdaidy/