Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Жалғас Тукешов
Жалғас Тукешов. Фото: instagram.com/tukeshov_official/

Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Жалғас Тукешов қызметінен босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Жалғас Тукешов қызметінен босатылды. Жалғас Бокенбайұлына алдағы уақытта сәттілік тілейміз", - делінген Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Жалғас Тукешов бұл қызметке биылғы жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.

Айта кетейік, қазіргі таңда ұлттық құрамамен Қайрат Сәтжанов бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2171379-qazaqstan-boks-federatsiiasynyng-birinshi-vitse-prezidenti-qyzmetinen-bosatyldy/