Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір алма-кезек": Данияр Елеусінов екі Олимпиадада боксшылар неге алтын алмағанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов. Фото: Stephen McCarthy / Sportsfile via Getty Images

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов неліктен бокста өзінен кейін Олимпиаданың алтын иегерлері шықпай жатқаны туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Иә, әрине Қазақстан тарихында бокстан соңғы екі Олимпиададан чемпион жоқ. Бірақ өмір деген алма-кезек. Боксшыларымыз жіберген қателіктерімен жұмыс істеп, келесі Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдемін. Себебі өзім де кезінде Лондон Олимпиадасына қатысып, ширек финалда бесінші орын алдым. Екі жекпе-жек ұтып, үшіншісінде сүрінген едім. Содан кейін қателіктеріммен жұмыс істеп, чемпион болдым. Өмірде бәрі болады. Сондықтан Қазақстанда бокстан тағы да  Олимпиаданың алтын иегерлері шығады деген үміттемін", - деді Данияр Елеусінов "Sport Plus Qazaqstan" сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында боксшыларымыз Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлде еншілеген болатын. Биыл Парижде өткен Олимпиадада қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай күміс медальге қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2171593-omir-alma-kezek-daniiar-eleusinov-eki-olimpiadada-boksshylardyng-altyn-almau-sebebin-tusindirdi/