Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев WBC чемпионын жекпе-жекке шақырды

Жарияланған күні:

Боксшы Батыр Жүкембаев
Боксшы Батыр Жүкембаев. Фото: twitter.com/ProBox_TV

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев WBC тұжырым бойынша чемпион доминикандық Альберт Пуэллоны жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Маған жартылай орта салмақтағы WBC белбеуі керек. Альберто Пуэлло, жекпе-жек жасайық", - деп жазды Батыр Жүкембаев Х желісінде.

Ол өз сөзінде Альберт Пуэллоны, сондай-ақ WBC президенті Маурисио Сулайманды және ProBox TV кәсіпқой жекпе-жегін ұйымдастырушыларды атап өтті.

Еске сала кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы рет 22 мамырда АҚШ-тың Плант-Сити қаласында кездесу өткізген болатын. Аталмыш жекпе-жекте Батыр Жүкембаев украиналық боксшы Иван Редкачты нокаутқа түсірді.

WBC тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Альберто Пуэлло өз мансабында 23 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2171623-qazaqstandyq-boksshy-batyr-zhukembaev-wbc-chempionyn-zhekpe-zhekke-shaqyrdy/