Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі титул қолда, екеуі жолда": Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram/janibek_alimkhanuly

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі ресми парақшасында келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Кез-келген жерде, кез-келген боксшымен жұдырықтасуға біз әрқашан дайын болғанбыз, қазір де дайынбыз! Қазақ стилін тарихқа қашап жазамыз, бұйыртса! Бізге чемпиондар керек! Төрт титул керек! Чемпиондар қашса, қорықса олар чемпион емес! Ал ақша үшін бокстасса ол спортшы емес, бизнесмен! Мен әлі де келесі жекпе-жегім Адамес не Ларамен болады деп үміттенемін! Командам қазір үлкен келіссөздер жүргізуде. Егер чемпиондар келіспесе, екі титулды қайта қорғаймыз!

Бұйыртса келесі жекпе-жегім ақпан айында өтеді деп жоспарлануда! Чемпиондық жекпе-жек болады немесе WBO міндеттеген қарсыласпен өнер көрсетеміз! Маған сенім артып, жанкүйерлік жасап жүрген барша ағайынға көп рақмет. Екі титул қолда, екеуі жолда! Құдай қаласа ертелі кеш 4 титулды елге алып келемін", - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Сондай-ақ бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық атағын британиялық Хамза Ширазқа қарсы қорғайтынын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Еске салайық, 4 қазанда Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2171862-eki-titul-qolda-ekeui-zholda-zhanibek-alimhanuly-chempiondardy-zhekpe-zhekke-shaqyrdy/