Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатына дайындықты бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысындағы спорттық базада бокстан Қазақстанның әйелдер командасының толық құрамдағы оқу-жаттығу жиыны басталды.
Аталмыш оқу-жаттығу жиынында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Қарағандыда өткен "Мықтылар турнирінің" жеңімпаздары Алуа Балқыбекова, Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш және еліміздің басқа аймақтарынан жиналған боксшылар шеберліктерін шыңдап жатыр. Сонымен қатар бокстан Үндістанның әйелдер құрамасы да бірге жаттығып жүр.
Айта кетейік, жалпы физикалық дайындыққа бағытталған бұл оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң, Азия чемпионатының алдындағы соңғы жаттығу кезеңі 13 қарашаға Алматы облысына жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2172588-nazym-qyzaibai-bastagan-boksshy-qyzdar-aziia-chempionatyna-daiyndyqty-bastady-video/