Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"World Boxing Өзбекстаннан қолдау алғанына қуаныштымын": өзбектер IBA-дан шыға ма

Жарияланған күні:

Боксшы Баходир Жалолов
Боксшы Баходир Жалолов. Фото: Ulrik Pedersen/DeFodi Images via Getty Images

World Boxing президенті Борис ван дер Ворст Өзбекстандағы Ұлттық олимпиада комитетіне барып, елдің спорт министрі Адхам Икрамовпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ World Boxing президенті Борис ван дер Ворсттың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында боксты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мәселесін талқыланды.

World Boxing президенті Борис ван дер Ворсттың сөзінше, ұйым боксты Олимпиада бағдарламасында сақтап қалу міндетін жалғастыруда. Сонымен қатар Ворст Париждегі ойындарда Өзбекстанның ерлер құрамасы 5 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанын ерекше атап өтті.

"Өзбекстанда боксты Олимпиада ойындарында сақтап қалудың жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өзбекстанның ұлттық олимпиадалық комитеті мен бокс федерациясын Париждегі жетістіктерімен құттықтау сәті түсті. 5 алтын медаль – 21 ғасырдың қайталанбас рекорды. Тамаша!

Өзбекстан спорт министрі Адхам Икрамовпен, ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Ойбек Касимовпен және бокс федерациясының өкілдерімен кездесіп, әр боксшының Олимпиадаға қатысу арманын сақтап қалғымыз келетінін айттық. World Boxing бокс әлемінде беделді Өзбекстан тарапынан қуатты қолдау алғанына қуаныштымын", - деп жазды ван дер Ворст.

Өзбекстан спортының өкілдері де бокстың Олимпиада ойындарында қалғанын қалайтынын алға тартты.

World Boxing – 2023 жылы сәуірде құрылған Халықаралық бокс федерациясы. Оның құрамына қазір 44 елдің ұлттық федерациялары енген. Ол Халықаралық Олимпиада комитеті мүшелігінен шығарып тастаған ІВА-дің орнын басады деген мақсатта құрылды. Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы ұйымға мүше болуға өтініш берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2172904-world-boxing-ozbekstannan-qoldau-alganyna-quanyshtymyn-ozbekter-iba-dan-shyga-ma/