Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол жекпе-жек алдында көз түйістірді (видео)

Жарияланған күні:

Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол
Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол. Фото: Richard Pelham/Getty Images

WBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев пен осы дивизиондағы WBA титулының иегері Дмитрий Бивол жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол жекпе-жек алдындағы бірлескен баспасөз мәслихатына қатысты. Қос боксшы баспасөз мәслихатынан кейін көз түйістіру рәсімін өткізді.

Екі боксшы да Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта ашық оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.

Артур Бетербиев бұған дейін биыл 14 қаңтарда Каллум Смитті нокаутқа түсіріп жеңіске жеткен болатын. Ал Дмитрий Бивол биыл 2 маусымда ливиялық Малик Зинадты техникалық нокаутпен жеңген еді.

Айта кетейік, Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін 12 қазанда Эр-Риядта жекпе-жек өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2173072-artur-beterbiev-pen-dmitrii-bivol-zhekpe-zhek-aldynda-koz-tuiistirdi-video/