Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оразбекке 5+ деген баға бердім": ұлттық құраманың бас бапкері боксшылардың деңгейі туралы айтты

Жарияланған күні:

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов
Бас бапкер Қайрат Сәтжанов. Фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жуырда Шымкентте өткен халықаралық турнирдегі боксшылардың жекпе-жегі туралы жеке пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тек үш спортшыны ғана босаттық. Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев. Оған себеп – жарақаттар.

Нұрбек мұрнына ота жасауы қажет. Ол әлі біраз уақыт шаршы алаңға шықпайды деп ойлаймын. Десе де жиындарға қатысады. Спаррингке әзірге шығармаймыз. Барынша мұқият болып, абайлауы керек болады. Қамшыбектің омыртқасында жарық бар. Асланбек те ем алып жатыр.

Біздің жігіттердің деңгейі жақсы болды. Өздерін жақсы көрсетті. Теміртас Жүсіповтың дайындығы жақсы болды. Санжар Тәшкенбай да бабында өнер көрсетті. Екеуі де 48 келіге дейінгі салмақта кездесуі керек еді. Бірақ жарақат салдарынан Санжар жарыстан шығуға мәжбүр болды.

Дамир Әбдіқадыр, Даниял Сабит жақсы жекпе-жек көрсетті. Нұрсұлтан Алтынбек те өте мықты болды. Оразбек Асылқұловты да айта кетсем деп едім. Біз әр кеште арнайы топта өткен жекпе-жектерді талқыладық. Мен Оразбекке "5+" деген баға бердім", - деді Қайрат Сәтжанов.

Айта кетейік, Шымкентте 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Кеңес Одағының батыры Қараоқозы Әбдіалиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Дәл осы шаршы алаңда өткен жекпе-жектер негізінде қараша айында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына баратын құрам іріктелетіні айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2173809-orazbekke-5-degen-baga-berdim-ulttyq-quramanyng-bas-bapkeri-boksshylardyng-denggeii-turaly-aitty/