Бокстан Қазақстан жастар құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль жеңіп алды. Бұл жарыста ел намысын 25 боксшы қорғады.
Жүлде кестесіндегі ТОП-10 құрама:
- Қазақстан – 6 алтын, 1 күміс, 10 қола;
- Өзбекстан – 5 алтын, 5 күміс, 3 қола;
- Ресей – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола;
- Қытай – 3 алтын, 3 күміс, 4 қола;
- Ирландия – 3 алтын;
- Түркия – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола;
- Солтүстік Корея – 1 алтын, 1 күміс;
- Мексика – 1 алтын, 1 қола;
- Әзербайжан – 2 күміс, 3 қола;
- Бейтарап – 2 күміс, 1 қола.
Айта кетейік, Будвадағы жарыстың жалпы жүлде қоры 500 000 АҚШ доллары болды. Жеңімпаздарға 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 доллар, қола жүлдегерлерге 2000 доллар, ширек финалистерге 1000 доллар сыйақы берілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2182422-qazaqstan-quramasy-bokstan-alem-chempionatynda-tarihi-zhetistikke-zhetti/