Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының бір жекпе-жегін Қазақстанда өткізу қарастылып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайытов министрге "Туризмді дамыту мақсатында Шавкат Рахмонов, Жәнібек Әлімханұлы сияқты спортшылардың жекпе-жегін Қазақстан өңірлерінде өткізуге мүмкіндік бар ма?" деген сұрақ қойды.
"Қазір мемлекет тарапынан және азаматтардың қолдауымен келешекте елімізде Жәнібек Әлімханұлының бір жекпе-жегін өткізу мәселесін ойластырып жатырмыз", - деді Ербол Мырзабосынов.
Еске салайық, 4 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасып, 9-раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2186684-zhanibek-alimhanulynyng-zhekpe-zhegi-qazaqstanda-otui-mumkin-be-ministr-zhauap-berdi/