Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес баланың анасы бокстан Қазақстан құрамасы сапына қосылды

Жарияланған күні:

Әйгерім Сәттібаева
Әйгерім Сәттібаева. Фото: instagram/aigerimaskarova91

Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин былғары қолғап шебері Әйгерім Сәттібаеваның "Мықтылар турниріндегі" жеңісіне баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгінде бес баланы тәрбиелеп отырған боксшы Әйгерім Сәттібаева бұған дейін де ұлттық құрамада өнер көрсеткен. Алайда бала күтіміне байланысты ұзақ уақыт үзіліс алған Ал жақында Қарағандыда өткен "Мықтылар турнирінде" бақ сынаған Әйгерім чемпион атанды.

"Әйгерім Сәттібаев – 5 баланың анасы. Азия чемпионы Олжас Сәттібаевтың әйелі. Іште қалып қойған арманымен жете алмаған жетістігі үшін шаршы алаңға қайта оралды. Қазір өзінің спорттық бабына кіріп келе жатыр. Соңғы рет "Мықтылар турнирінде" жас боксшылардан бір бас жоғары тұрып, айқын жеңіп шықты. Негізінен біз спортшылардың жасына қарамаймыз. Оның отбасылық жағдайы да біз үшін маңызды емес. Құраманың оқу-жаттығу жиынына кім мықты, кім дайын, сол келеді", - деді Елдос Сайдалин YouTube желісіндегі "Спорт Министрі" арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаеваның күйеуі Олжас Сәттібаев та бірнеше дүркін ҚР чемпионы атанған. Сондай-ақ ол Азия чемпионы (2015) және қола жүлдегері (2009).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2187824-bes-balanyng-anasy-bokstan-qazaqstan-quramasy-sapyna-qosyldy/