Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британиялық Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жек өткізуден бас тартты

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын британиялық боксшы Хамза Шираз қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жек өткізуден бас тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ WBO-дің Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алғашында WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының британиялық боксшы Хамза Ширазбен кездесуі жоспарланған болатын. Тіпті WBO бұл жекпе-жекке арналған бәссауданы да жариялаған еді. Алайда Хамза Шираздың командасының бастамасымен жекпе-жек өткізілмейтін болды. Бұл ақпаратты WBO әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде растады.

Ал Жәнібек Әлімханұлы бұл жаңалыққа Instagram желісіндегі ресми парақшасында эмоциялы түрде жауап берді.

"Оларды спаррингте соншалықты қатты ұрмауым керек еді", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Кейінірек Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында Бүкіләлемдік бокс ұйымынан (WBO) Хамза Шираздың орнына лайықты қарсылас табуды талап етті.

"Маған лайықты қарсылас беріңіздер! Мен дайынмын!", - деп жазды қазақстандық чемпион.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-1, 13 KO) қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген болатын.

Жәнібек Әлімханұлының Instagram желісінің Stories бөліміндегі жазбасы
Жәнібек Әлімханұлының Instagram желісінің Stories бөліміндегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2189879-britaniialyq-hamza-shiraz-zhanibek-alimhanulyna-qarsy-zhekpe-zhek-otkizuden-bas-tartty/