2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, украиналық боксшы Александр Хижняк мансабына қатысты жоспарын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Obozrevatel.com cайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Александр Хижняк кәсіпқой боксқа ауысып, сол жақта әлем чемпионы атағын жеңіп алуды қалайтынын айтты.
"Олимпиадалық бокста мен бәріне қол жеткіздім. Жеңіске жетуге болатын барлық жарыста топ жардым. Менде бүкіл турнирдің алтын медалі бар. Ал кәсіпқой ринг мен үшін жаңа әрі қызық бағыт. Мен сол жерде өзімді сынап көріп, әлем чемпионы болғым келеді. Не қалайтынымды шешуге бір айдан астам уақытым бар", - деді украиналық боксшы.
Айта кетейік, 29 жастағы Хижняк Париж Олимпиадасының финалында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайды жеңіп, 80 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншілеген еді. Сондай-ақ ол – 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионы (2017), Еуропа ойындарының екі дүркін чемпионы (2019, 2023), Еуропа ойындарының қола жүлдегері (2015) және Еуропа чемпионы (2017).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2190659-olimpiada-finalynda-nurbek-oralbaidy-zhenggen-boksshy-mansabyna-qatysty-malimdeme-zhasady/