Алматы облысының Шамалған ауылында таеквондадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ел чемпионатының нәтижесіне байланысты келесі жылғы ұлттық құрама жасақталады. Биылғы жарысқа 19 өңір мен қаладан 300-ге жуық таеквондошы қатысты.
Соңғы жарыс күні спортшылар қалған 5 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтады. Оның қорытындысы төмендегідей:
Ерлер, -63 кг:
- 1. Самирхон Абабакиров (Шымкент қаласы);
- 2. Нұрбек Ғазез (Алматы қаласы);
- 3. Мадияр Керімбай (Алматы қаласы);
- 3. Айбек Имантаев (Ұлытау облысы).
-87 кг:
- 1. Нұрлан Мырзабаев (Түркістан облысы);
- 2. Нұрқанат Қожахмет (Шымкент қаласы);
- 3. Алмас Мелатов (Атырау облысы);
- 3. Мейір Нұрғазин (Алматы облысы).
Әйелдер, -53 кг
- 1. Азиза Қаражанова (Жамбыл облысы);
- 2. Айдана Сүндетбай (Алматы облысы);
- 3. Перизат Мергембаева (Маңғыстау облысы);
- 3. Арайлым Арапбай (Маңғыстау облысы.
-57 кг:
- 1. Мария Севостьянова (Атырау облысы);
- 2. Альмира Қанат (Маңғыстау облысы);
- 3. Нұрай Қазынабек (Қызылорда облысы);
- 3. Ақнұр Жамаубай (Алматы қаласы).
+73 кг:
- 1. Меруерт Ткебаева (Ақтөбе облысы);
- 2. Евгения Каимова (Астана қаласы);
- 3. Мереке Жүнісова (Алматы облысы);
- 3. Айгүл Елубай (Атырау облысы).
Жалпы есепте Алматы қаласының командасы 1-орын алды. Олар 16 салмақтан 3 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға 3 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленген Шымкент таеквондошылары жайғасты. Ал үздік үштікті Атырау облысының спортшылары түйіндеді (2 алтын, 1 күміс, 5 қола). Төртінші орынға Түркістан облысы (2 алтын, 1 күміс, 1 қола), бесінші орынға Жамбыл облысы (2 алтын, 1 қола) командасы тұрақтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2190987-taekvondodan-el-chempionaty-aiaqtaldy-qai-ongirding-sportshylary-top-zhardy/