Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Ұлжан Сәрсенбек алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ұлжан Сәрсенбек Чиангмайдағы (Таиланд) бокстан Азия чемпионатында 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.
Ұлжан Сәрсенбек бұл біріншіліктегі алғашқы кездесуін украиналық Карина Вовкке қарсы өткізіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Ширек финалда Ұлжан Сәрсенбек вьетнамдық Нгуен Хуен Чанға қарсы кездесу өткізеді.
Еске салайық, бұған дейін 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсуі керек болған Алуа Балқыбекова денсаулық жағдайына байланысты турнирден шығып қалды.
Сондай-ақ Азия чемпионатында Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Дулат Бекбауов (67 кг) алғашқы кездесулерінде жеңіске жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2195078-tagy-bir-qazaqstandyq-boksshy-aziia-chempionatyn-satti-bastady/