Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес балалы ана Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Жарияланған күні:

Боксшы Әйгерім Сәттібаева
Боксшы Әйгерім Сәттібаева. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әйгерім Сәттібаева Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

48 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Әйгерім Сәттібаева ширек финалда филиппиндік Офелия Маньомен кездесті. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Енді Сәттібаева 7 желтоқсанда Фарзона Фазиловамен (Өзбекстан) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы және 2010 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Ол ұзақ үзілістен соң 2023 жылы боксқа оралған еді. Әйгерімнің жұбайы – бокстан Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы Олжас Сәттібаев. Ерлі-зайыпты бүгінде 5 бала тәрбиелеп отыр.

Бүгін, 4 желтоқсанда Қазақстан ерлер құрамасынан Диас Молжігітов жапониялық қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартқан соң, Азия чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алған еді. Сондай-ақ Дулат Бекбауов малайзиялық Арифф Айман Мухаммадты жеңіп, ал Абылайхан Жүсіпов түрікменстандық Байрамдурды Нұрмұхаммедовты ұтып, 1/2 финалға өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2196128-aigerim-sattibaeva-bokstan-aziia-chempionatynyng-zhartylai-finalyna-otti/