Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүзел Манюрова әйелдер күресінен Олимпиаданың алтынына таласады

Жарияланған күні:

Әйелдер күресінен 75 келі салмақта сынға түсіп жатқан Гүзел Манюрова Олимпиада ойындарының финалына шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Манюрова ресейлік Екатерина Букинадан 1:8 есебімен ұтылып жатып, белдесудің аяқталуына 15 секунд қалғанда қарсыласын таза жеңді.

Осылайша, Манюрова Олимпиаданың финалына өтті.

Ал 63 келіге дейінгі салмақта белдескен Екатерина Ларионова алғашқы айналымында беларусь қызынан ұтылған еді. Оның қарсыласы финалға жолдама алған соң, Ларионова жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды.

Гүзел Манюрованың бұл үшінші Олимпиадасы. 38 жастағы балуан Олимпиададағы ең алғашқы жүлдесін Афины Олимпиадасында иеленген.

Лондонда Қазақстанға қола жүлде алып берген Гүзел енді Рионың алтыны үшін таласады.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Өзбек боксшысын жеңген Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды (фото)

Мырзағали Айтжанов өзбек боксшыларына қатысты ойын білдірді

Бекболат Тілеухан Данияр Елеусіновті жекпе-жек алдында жігерлендірген (фото)

Қазақ қызы тарихта алғаш рет күрестен Олимпиада жүлдесіне ие болды

Қазақстан Олимпиада ойындарындағы медаль саны бойынша рекорд жаңартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1225354-guzel-manyurova-ayelder-kuresinen-oli/