Қазақстандық Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан алты дүркін әлем чемпионы атанды. 15 жастағы спортшы Абу-Дабиде өткен әлемдік сында топ жарған, деп жазады Хабар24 арнасы.
Жібек 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында белдескен.
Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан. Финалда жергілікті, яғни БАӘ спортшысын ұпай санымен жеңген.
Жібек аталған жарысқа дейін Абу-Даби қаласында 20 күн болған. Осы уақыт ішінде жергілікті клубтардың бірінде жаттығып, шеберлік шыңдағанын алға тартты.
Сонымен қатар ол өзінің жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаровтың да ерекше еңбегін атап өтті.
Айта кетейік, дүниежүзілік додадаға биыл 1500-ге жуық жасөспірім жиналған. Оның ішінде 159 отандасымыз бар. Қазақстандық жасөспірімдер бас аяғы 11 алтын, 8 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1998235-15-zastagy-qazaq-qyzy-dziu-dzitsudan-alemnin-alty-durkin-cempiony-atandy/